Павлодар пединституты Қазақстанның бас рейтингінде педагогикалық институттардың арасында екінші орынға көтерілді

ПАВЛОДАР. 25 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты - Қзақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының рейтингінде екінші орынға көтерілді,

Павлодар пединституты Қазақстанның  бас рейтингінде педагогикалық    институттардың арасында  екінші  орынға  көтерілді

деп хабарлады институттың баспасөз қызметінен.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттік (НКАОКО) институттардың жұмысын бірнеше жыл бойы зерттеп келеді. Агенттік мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының мәліметтеріне және өз әлеуметтік зерттеулеріне негізделген ақпарды барлық мүдделі тараптардың, сондай-ақ талапкерлердің назарына ұсынады. Жоғары оқу орындарының рейтингін анықтау әдістемесі оқу орнының академиялық ресурстарының сапасына, сарапшылардың арасында жүргізілген сауалнамаға және жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік сауалнамасына негізделеді.