11:53, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Павлодар полицейлері 6 келі есірткі заттарын тәркіледі
ПАВЛОДАР. 8 қазан. ҚазАқпарат - «Канал-Кавказ» халықаралық есірткіге қарсы операцияның қорытындысы бойынша Павлодар облысының аумағынан заңсыз айналымдағы 6 келіден аса мөлшердегі түрлі есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Шара барысында есірті саудалау мен сақтауға байланысты 4 контрабанда фактісі тәркіленді. 76 ірі жүк көлігі мен 85 жеңіл автокөлік тексеріліп, есірткіден масайраған 3 жүргізуші жол үстінде ұсталды.