Павлодар полицейлері әйелді соққыға жығу сәті түсірілген видеоның «басты кейіпкерін» ұстады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері бұзақылық жасады деген күдікпен Новочерноярка ауылының 42 жастағы тұрғынын ұстады. 31 тамыз күні ол жергілікті 43 жастағы әйелге дене жарақаттарын салған, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Баспасөз қызметінің қызметкері Сәуле Мусинованың айтуынша, полицейлер ұрып-соғу фактісі туралы автордың әлеуметтік желілерге салған видеосынан көріп, білген. Ер адамның тұлғасы анықталып, қазіргі кезде ол ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.

Жәбірленген әйел ауруханаға жеткізілді, ол сауыққан соң барлық қажетті сараптамалар тағайындалады.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 293-бабымен (бұзақылық) сот алдындағы тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар