Павлодар полициясы такси жүргізушілерін жаппай тексеріп жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Алғашқы екі күнде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзудың 282 дерегін тіркеген. Соның ішінде 58 тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзған. 

жол полициясы
Фото: Алматы полиция департаменті

Павлодар полицейлері «Тасымалдаушы» жедел алдын-алу шарасын өткізіп жатыр. Алкашқы екі тәулікте инспекторлар жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша 282 деректі анықтаған. 

— 58 тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзса, тағы 20 жүргізуші көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған. Ал 2 такси жүргізушісі салонда жолаушылар отырғанына қарамастан ереже бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.

Мысалы, Павлодар қаласындағы Ракетная көшесінде «Toyota Alphard» маркалы автокөліктің жүргізушісі ұсталды. Ол таксиге арналған мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан. Әрі бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарлама бермеген және тіркелмеген. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, жол-көлік оқиғасына соқтыруы мүмкін заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Еске сала кетейік, Қарағандыда такси жүргізушісі «қалжыңдап» 4 жасар баланы алып кеткен

Соңғы жаңалықтар