Павлодар тұрғындары Азиада алауын қарсы алды

ПАВЛОДАР. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін, 24 қаңтар күні Павлодарға Азиада Алауы келіп жетті.
None
None

Алауды алғаш болып алып өткен Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын осы мерекелік шарамен құттықтап, Қазақстан құрамасы Азиада көшбасшыларының қатарына кіреді деген үмітін жеткізді. Аймақ басшысы алауды мерген, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2012 жылы өтетін Олимпиада ойындарына республика бойынша бірінші болып жолдама алған Вячеслав Подлесновқа тапсырды.

60 адам Павлодар көшелерімен Алауды алып өтті. Олардың қатарында Баянауыл ауданынан келген бүркітші Иманзайып Тасыбаев, оның шәкірті Иманзайып Ермек құсбегілік бойынша ҚР Чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

«Астана» мұз сарайында Павлодардың өнер жұлдыздары қатысқан «Мақсаты бірдің - рухы бір» атты мерекелік концерт болды.

Азиада алауы бүгін Өскеменге жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар