Павлодар ювеналдық сотында мектеп оқушысының өліміне қатысты істі қарау басталды

ПАВЛОДАР. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар ювеналдық сотында 16 жасар мектеп оқушысы Александр Дивиннің өліміне қатысты қылмыстық іс қаралуда,

Павлодар ювеналдық сотында мектеп оқушысының өліміне қатысты істі қарау басталды

деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Жасөспірім Чернорецкая ауылдық мектебінің жертөлесінде сынып жетекшісімен «тәрбиелік әңгімелесуден» кейін көз жұмды. Мұғалімге кәмелетке жетпеген жасөспірімді тәрбиелеуде қатігездік көрсету, міндеттерін теріс пайдалану және абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша айыптар тағылды.

Өткен жылдың қазан айында сынып жетекшісі А.Дивинді сабақтан шақыртып алып, оны мектептің жертөлесіне апарды. «Сабаққа қатыспау қалу себебімен әңгіме жүргізу үшін», - деп түсіндірді кейін өзінің әрекетін тергеушілерге Саша оқыған он бірінші сыныптың жетекшісі. Ал 15 минуттан кейін мектеп медбикесі жасөспірімнің көз жұмғанын анықтады.

Тергеу кезінде педагог оқушы аяқ астынан өзін нашар сезініп, тұншып, аузы көбіктене бастағанын айтты. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ, «жасөспірімге қол ұшымды тигізген жоқпын» деп ақталды. Алайда сот-медициналық сарапшылар бұл сөздерді жоққа шығарды - баланың өліміне жүректің кардиогендік талықсуы себеп болды. Бұдан басқа жәбірленушінің денесінде көптеген жарақаттар анықталды.

Тергеу барысында А.Дивиннің өліміне дейін бір күн бұрын мұғалімнің тоғызыншы сынып оқушысынан ұялы телефон ұрлады деген күдікпен тағы екі оқушыны жертөлеге қамап кіргізгені анықталды.

Жертөледе мұғалім олардан ұрланған затты талап етті. Ұрлағандарын мойындамаған ер балаларды кеудесінен бірнеше рет соққылады. Және біреуге тіс жарып, шағымданса, жазалаумен қорқытты.