Павлодар заң колледжінде қылмыстық-атқару жүйесі үшін офицер түлектерін шығару рәсімі болды
АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Әділет министрлігінің ҚАЖК Павлодар заң колледжінде қылмыстық-атқару жүйесі үшін офицер түлектерін шығару рәсімі болды, деп хабарлады аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің өкілі Айгүл Сыздықованың айтуынша, Павлодар заң колледжі республика құқық қорғау органдарының ең байырғы оқу орындарының бірінен саналады. 1993 жылдан 2000 жылға дейін колледж ішкі істер органдарының бес мамандығы бойынша мамандар дайындады. Құқықтық реформаны жүзеге асыру шеңберінде 2001 жылдан бастап колледж Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлаумен айналысып келеді.