Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту созылуы мүмкін - В. Школьник

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуын аяқтау мерзімі қаржыландыру бағытындағы проблемаларға байланысты кейінге шегерілуі мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Бұл жайында ол бүгін Үкімет отырысында айтты.
None
None

«Үш зауытта жаңғыртылу жүріп жатыр. Біздегі ақпаратқа қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауыты бойынша бүгінде проблема жоқ, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2016 жылдың желтоқсанында аяқталып, іске қосу жұмыстары басталады», - деді В. Школьник ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің сұрағына жауап беру кезінде.

Оның айтуынша, Павлодар МӨЗ-ін жаңғырту бағдарламасына шығыстарды азайту бойынша түзетулер енгізілді.

«Екінші фазаны қосымша қаржыландыру бойынша проблема бар (400 млн. теңге), біздің білуімізше, бұл мәселе шешілген жоқ. Шымкент зауыты бойынша мәселені ведомствоаралық комиссияда талқыладық. Бұл тұрғыда мемлекеттік кепіл мәселесі немесе оны коммерциялық банктер арқылы қаржыландыру бағыты бар. Қытайға сапар барысында осы мәселені толықтай шешеміз деген үміттемін. Егер де қаржыландыру дер кезінде шешілмесе, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2016-дан 2017 жылға біршама жылжуы мүмкін»,-деді В. Школьник.

Соңғы жаңалықтар