08:52, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодар және Түмен университеттері студенттерді қатар оқыту туралы келісті
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мен Түмен университеттері студенттерді қос дипломды бағдарлама бойынша қатар оқыту туралы келісімшартқа қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл бағдарламаға қатысушылар оқу орындарын бітіргеннен кейін сұранысқа ең көп ие бес мамандық бойынша ресейлік және қазақстандық үлгідегі жоғары білім туралы құжаттар алады. Сабақтар Павлодар инновациялық еуразиялық университеттің базасында жүргізіледі. Қос диплом бағдарламасы бойынша білім алу туралы келісімшартқа отырған студенттер басқару және мұнай-газ саласының экономикасы бойынша қосымша пәндер оқитын болады.