10:15, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар: Жастардың еңбек биржасы еңбек заңнамасын насихаттауда
ПАВЛОДАР. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы «Жастардың еңбек биржасы» қоғамдық бірлестігі бүгін еңбек заңнамасының мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі - бүгінгі күннің өзекті проблемасы атанып отыр, студенттер оқу ақысын төлеу үшін, сабақтан бос кездері істейтін жұмыстар іздестіруде. Семинарда балалар еңбегі проблемасы талқыланады, жастардың сауалдарына Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жауап береді. Павлодар облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Қуат Исенов баяндама жасайды. Жастарды еңбекпен қамту мәселелері бойынша жұмыс берушілерге арналған ұсыныстар әзірленеді.