Павлодар жастары Жеңіс күніне арналған акция өткізуде
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда алдағы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар мерекесіне арналған әскери-патриоттық айлық Даңқ ескерткішінің жанында өткен салтанатты митингпен басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кадет мектебінің курсанттары, облыс орталығының жастары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Патриоттық шараны ұйымдастырып отырған «Отан» қоғамдық бірлестігінен хабарлағанындай, айлық кезінде жастар ардагерлермен кездеседі, патриоттық әндер конкурсын, әскери-спорттық спартакиадасын өткізеді. Павлодарлық оқушылар «Қайырлы таң, ардагер!» акциясын өткізеді, олар мамырдың 9 -ы күні барлық ардагерлердің үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтайды.