Павлодар: Жеңіске жету жолында жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің, Жеңіс үшін жанын пида еткен боздақтардың рөлі үлкен

ПАВЛОДАР. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодарда Жеңіс күнін мерекелеу «Батырларға тағзым!» атты еске алу митингісімен басталды.
None
None

Қалалықтар Ұлы Отан соғысының қатысушыларын құттықтап, жауынгер жеңіскерлердің азайып бара жатқан ұрпағына алғыс сөздерін айту үшін, Даңқ ескерткіші мен «Мәңгілік алау» маңына отбасыларымен бірге гүл шоқтарын ұстап барды.

 Ардагерлерді құттықтаған облыс әкімі Ерлан Арын жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің үлкен рөлін, Жеңіске жету жолындағы жанын пида еткен боздақтардың жанкешті ерліктерін атап өтті. Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Жеңіс болмаса, Тәуелсіз Қазақстан болмаушы еді", деген сөздерін еске салды.

Облыс орталығының орталық алаңында Жеңіс сарбаздарының немерелері мен шөберелері - әскери бөлімдер, қалалық колледждер мен мектептердің оқушылары салтанатты шерумен өтті.

Ашылған сахналық алаңдар мен қалалық саябақтарда таңертеңнен бастап әскери өлеңдер шырқалды. Оқушылар сарайының ұжымдары, Чехов атындағы театр әртістері мен музыкалық колледждің студенттері концерттер берді.

Ардагерлер саябағында «Сувенир», «Аль-Аки» фольклорлық ансамбльдері, «Ертіс жұлдыздары», «Жанр», «Алау», «Аңсар» ән ұжымдары «Жеңіс келді, сүйінші!» бағдарламасы бойынша өнер көрсетті.

Алаңға келе алмаған ардагерлер үйінің тұрғындары үшін «Жеңіс-мәңгілік жадымызда!» атты көрініс көрсетілді. Оны Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығының ұжымдары мен ардагерлердің көркемөнерпаздар ұжымдары ұйымдастырды.

Жеңіс күнінде ипоодромда ат спортының ұлттық түрлері бойынша маусым ашылды.

Кешке орталық алаңда «Батырлар рухына тағзым!» бағдарламасымен Қазақстан және Павлодардың жұлдыздары өнер көрсетіп, мереке «Жеңіс нұры!» мерекелік отшашуымен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар