Павлодар ЖЭО-2-де болған өрт қалаға жылудың тұрақты берілуіне бөгет бола алған жоқ

ПАВЛОДАР. 25 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар ЖЭО-2 турбиналық цехының кабельдік желісі өртенгенін осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Қызметкерлер мен өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында қымбат тұратын құрылғыны сақтап қалу мүмкіндігі туып,

Павлодар ЖЭО-2-де болған өрт қалаға жылудың тұрақты берілуіне бөгет бола алған жоқ

станса үшін қауіп төндірген жағдайлардың алды алынды.

Болған жағдай бойынша түсінік берген «Павлодарэнерго» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Олег Перфилов апат орын алған кезде қалаға жылу беру тоқтатылмағанын айтты. Қала тұрғындары үшін жылусыз қалу қаупі де төнген жоқ. Павлодардағы жылу энергиясымен қамту жүйесі бойынша, осындай келеңсіз жағдайлар болғанда ЖЭО-лардың бірінен қалаға жылу беріліп тұрады.

Апаттың себептерін анықтау үшін, қолданыстағы заңнама бойынша, арнайы комиссия құрылады. Зерттеу қорытындысы 10 күннен кейін жарияланады.