Павлодарда 1057 мектеп бітіруші ҰБТ тапсырады

ПАВЛОДАР. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодарлық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді 3-5 маусым аралығында Павлодар мемлекеттік және Еуразиялық инновациялық университеттері мен педагогикалық институтының арнайы жабдықталған дәрісханаларында тапсырады.
None
None

Бұл туралы шаһар басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Биылғы жылы қаладағы 37 орта мектептен 1342 түлек ересек өмірге жолдама алады. Олардың ішінде 289 оқушы мемлекеттік тілде тәлім алса, 1053 орыс тілінде оқыған. Мектеп бітірушілердің 1057-сі (79 пайызы) ҰБТ тапсырады.

Білім беру бөлімі «Алтын белгіге» үміткер 39 оқушының және үздік аттестат алуға үміткер 25 баланың алдағы сынға әзірлігін қатаң қадағалап отыр. Сынақ тестілерінің қорытындысы бойынша олардың орташа балы 111,3-ті құрады.

Қала мектептерінде мамыр айында өткен сынақ тестілерінде түлектердің алған орташа балы 88,9-ды құрады.

Соңғы жаңалықтар