Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда 14 ұстаз Түркияда демалу жолдамаларына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жылдағы дәстүр бойынша «Достық» үйінде дарынды балалармен және олардың ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Павлодарда 14 ұстаз Түркияда демалу жолдамаларына ие болды

Өңір басшысы 2015-2016 оқу жылында халықаралық және республикалық олимпиадаларда топ жарған 48 оқушыға 50 мың теңгеден сыйақы мен естелік сыйлықтар табыс етті. Олардың ішінде Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында физика пәнінен өткен Азиялық олимпиаданың қола медаль иегері атанған № 8 мектептің оқушысы Антон Седлецкий, математика пәнінен республикалық олимпиаданың екі мәрте жеңімпазы «Жас дарын» мектебінің оқушысы Мохаммед-Али Амир және өңірдегі басқа да маңдайалды оқу ордаларының шәкірттері бар.

Бұдан басқа, шәкірттері табысқа жеткен облыстағы екі мектеп директоры мен 14 ұстазға Түркияда демалу үшін жолдамалар табысталды.

Айта кетерлігі, республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша облысымыздың құрама командасы «Ең үздік команда - 2016» сертификатымен марапатталып, бірінші жалпы командалық орынға ие болған.

Сондай-ақ, республикалық және президенттік олимпиадалардың қорытынды кезеңінде аймақтың құрама командасы тоғыз алтын, 10 күміс және 30 қола медальге ие болған.