Павлодарда 15 жыл ішінде салынатын тұрғын үй аудандары анықталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 2032 жылға дейін екі млн шаршы метр көп қабатты үй салынады. Бүгін халықпен есепті кездесуде облыс әкімі Қанат Бозымбаев 15 жыл ішінде облыс орталығы қалай өзгеретіні жайында айтты.
None
None

«Өткен жылы Павлодардың бас жоспарына түзету енгіздік. Ол қаланың 2032 жылға дейінгі дамуын көздейді, бұл заманауи көрікті қала үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті өңір басшысы.

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, Павлодарда тұрғын үй салу екі кезекте жүргізіледі. 2022 жылға дейін қалада Сарыарқа, Достық деген жаңа екі аудан салынады.

Еске салсақ, Сарыарқа жарты ғасыр бұрын алюминий зауытының құрылысшыларына уақытша баспана ретінде салынған ескі екі қабатты үйлердің орнынан салына бастады.

Достық шағын ауданын салуға бақша егумен айналысатын кооперативтер алаңы айқындалды. Қазірде учаскенің көп бөлігі иелерінен сатып алынып қойды.

2022 жылдан кейін жекеменшік бір қабатты үйлер салынған 1 май көшесінде тұрғын үйлер салу жоспарлануда.

Қаланың тарихы бөлігі - Ленин көшесінде жиырмасыншы ғасырдың басында салынған кірпіш үйлерді сақтап қалмақшымыз. Олардың бөлігі қайта жөнделді. Ғимаратта тарихи-өлкетану мұражайы орналаспақ. Бұрынғы сауда орындары жаңартылды. Өңір басшысы қаланың ескі сәулеті туристер үшін қызықты екенін, ол өңірдің туристік саласын дамыту жоспары тармақтарының біріне кіретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар