20:49, 28 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Павлодарда 150 бала қала әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертіс» қонақ үйі кешенінде Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтың қатысуымен «ЭКСПО жаңа жылдық шамдары» атауымен жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, шараға жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатысқан деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
" Мерекеге келген 9-13 жас аралығындағы 150 балаға қала әкімінің атынан сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етілді. Бұдан басқа, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, асырап алған және патронаттық отбасында тәрбиеленіп жатқан, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы 326 балаға қала басшылығының атынан жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды. Бұдан кейін балалар «Ертіс Синема» кинотеатрында мультфильм тамашалады", - дейді бөлім маманы Балжан Әділханова.