Павлодарда 233 адам ағза ауыстыруға зәру
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңірде 600-ге жуық адам ғана қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз келісімін растаған. Ал 7 мыңнан астам адам бас тартқан.
Трансплантация бойынша өңірлік үйлестіруші Дмитрий Потеребухтың айтуынша, облыста ағза ауыстыру бойынша күту парағында 233 адам тұр. Оның ішінде бір бала бар. Олардың басым көпшілігі — бүйрек реципиенттері (218 адам), тағы 10 пациент бауыр ауыстыруды, төртеуі — жүрек ауыстыруды күтуде. Тағы бір адам өкпе трансплантациясына мұқтаж. Биыл донор күтіп үлгермеген төрт адам күту парағынан шығып қалған.
- Бүгінде Павлодар облысында 600-ге жуық адам ғана қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз келісімін берген. Ал бас тартқандар саны 7 мыңнан асты. Дейтұрғанмен келісім берген адам қайтыс болғаннан кейін де соңғы шешімді оның туыстары қабылдайды. Осылайша, соңғы уақытта алты әлеуетті донордың ішінен тек біреуі ғана нақты ағза доноры атанды, - дейді маман.
Бұған дейін Жамбыл облысында донорлар жетіспейд жатқанын жазғанбыз.