Павлодарда 28-ші рет «Сабантой» мерекесі өтті
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл күні қалалық саябақта Екібастұз қаласынан «Шатлык» татар-башқұрт мәдәни орталығы, Железин, Баянауыл, Шарбақты, Лебяжі, Павлодар ауданы мен Ақсу қаласының орталықтары өнер көрсетті.
Мерекеге облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсенбай Жетпісбаев, сонымен қатар Татарстаннан келген Мемлекеттік кеңес депутаты және Қазан қаласындағы Достық үйінің басшысы Ирек Шарипов, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Айдар Габдинов мен Илзида Гусманова қатысты.
Мереке барысында ҰОС ардагері Бикбулат Хазыровтың кітабының тұсаукесері өтті. Шығармада өңірдің мәдениет саласына және халықаралық ынтымақтастықтың дамуына үлесін қосқан Павлодар облысында тұратын татар азаматтары туралы баяндалған. Сонымен қатар, татар ұлттық ойындары бойынша сайыс өткізіліп, ұлттық тағамдар әзірленді.