Павлодарда №40 орта мектептің жылу қазандығы жарылды, 62 жастағы жұмысшы көз жұмды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарда №40 орта мектептің жылу қазандығы жарылып, 62 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. 
None
None

Кеше, 2 қазан күні Павлодар қаласының Павлодар кентіндегі Береговая, 60/1 мекен-жайында орналасқан №40 мектепте жеке тұрған жылу қазандығы жарылды. Жарылыстан тірек қабырғалар мен шатыр зақымдалды. Төтенше жағдайдың салдарынан алған жарақаттарынан 1950 жылғы санитарлық техник көз жұмды.

Төтенше жағдай орнына ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ «Жедел-құтқару қызметі» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина оратылығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар