Павлодарда 43 ақын-жазушының 174 туындысы сандық форматқа көшіріледі

Бұл туралы бүгін Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаева «Ертіс» баспасөз орталығында өткен брифингте мәлім етті.
- Сандық форматқа көшірілген шығармалардың басым бөлігі көркем әдебиетке жатады. Жобаның басты ерекшелігі - кез келген оқырманның өз гаджетіне шартты белгілер кодын қойып, жүктей алатындығында. Бұл жоба өлкетану қорын сандық форматқа ауыстырудағы инновациялық жобалардың бірі болып саналады, -деді А. Сәрсенбаева.
Басқарма басшысының айтуынша, QR кітапханасы авторларының ішінде Арман Қани, Юрий Поминов, Сүлеймен Баязитов, Сергей Горбунов, Ольга Григорьева және т.б. бар.
- Әлемдік және қазақстандық ақын-жазушылардың көптеген сандық үлгідегі шығармаларын ғаламторда таба алсақ, аймақтық жазушылардың туындылары жоқтың қасы, - деді облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова.