Павлодарда 5 адамды жайратып салған күдікті 7 жыл Ұлттық гвардия құрамында қызмет еткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысы ІІД бастығы Марат Қожаев бүтін бір отбасының өлімі жайында түсінік берді.

Павлодарда 5 адамды жайратып  салған күдікті 7 жыл Ұлттық гвардия құрамында қызмет еткен

Оның айтуынша, полицияға жантүршігерлік оқиға жайында хабарлама 27 қазанда сағат 16-00 шамасында келіп түскен. Полицияға Иманқұловтар отбасымен екі күннен бері байланыссыз қалған туған-туыстары хабар берген.

Есікті пәтерді жалға берген үй иесі екінші кілтімен аша алмаған, себебі ол іштен ысырмамен бекітілген. Полицияға есікті бұзып кіруге тура келді.

«Үш бөлмелі пәтерден бес адамның мәйіті табылды, деді М. Қожаев. - Жатын бөлмеде денесі бірнеше жерден пышақталған 1978 жылы туылған Ерқанат Иманқұловтың, қонақ бөлмеде диван үстінде көптеген пышақ жарақаттарымен Қарлығаш Иманқұлова мен оның кәмелеттік жасқа толмаған қызының мүрделері жатқан. Ал келесі жатын бөлмеде Гүлжан Иманқұлова мен оның ұлының мәйіттері табылды. Болжам бойынша оны буындырып өлтірген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына қарағанда, олардың мерт болғандарына бір тәуліктен асқан. Барлық жарақат бір пышақтан жасалғанын көрсетті».

М. Қожаевтың айтуынша, терезе, балкон түгелдей тексерілді. Бөтен адамның пәтерге кірген белгілер байқалмады. Осы пәтердің шеткі бөлмесінен жаралы Ермұрат Иманқұлов табылды, оның оң қолында пышақ болған. Кеудесіне 4 жерден пышақ жарақаты түскен және білегінің екі жері тілінген. Барлық жарақат полиция қызметкерлері пәтерге кірерден сәл бұрын жасалғаны анықталды.

Жаралы ер адамға көмек көрсетіліп, ауруханада ота жасалды. Өз-өзіне келген ол айғақты дәлелдеме берді.

«Біз жедел-тергеу тобы мен адвокат жібердік. Ол қылмысты қалай жасағанын бүге-шігесіне дейін баяндады. Жантүршігерлік қылмыс жасауына материалдық жағдайының нашарлығы итермелегенін айтқан».

Күдікті жеті жыл Ұлттық гвардия құрамындағы әскерде қызмет еткен. Өткен жылдың соңында аттестаттаудан өтпей қалып, жұмыстан шығарылған. Содан бері жұмыссыз.

ІІД бастығы хабарлағандай, Иманқұловтар отбасы бәрі бірге жалдамалы пәтерде тұрған. Ерқанат Иманқұлов - күдіктінің үлкен ағасы, Иманқұлова Қарлығаш - туған әпкесі, Иманқұлова Гүлзат - зайыбы. Кішкентай қыз - немере қарындасы, ер бала өзінің ұлы болып шықты. ішімдік ішкен, есірткі қабылдамаған. Пәтер таза, жинақы. Бұл қалыпты отбасы болған», -деп атап өтті М. Қожаев.