Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда 6 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға: тірі қалған тұрғын жексенбі күні ауруханадан шығады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - 38 жастағы ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасында бір апта ем қабылдаған. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

а
Фото: pexels.com

Аурухана дәрігерлері науқасқа орташа ауырлықтағы көмірқышқыл газымен улану диагнозын қойған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, азамат жақын күндері үйіне жіберіледі. 

– Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Науқастық жағдайы қанағаттанарлық. Жексенбі күні ауруханадан шығару жоспарланып отыр, – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, биылғы 20 шілдеде Павлодар облысының Жоламан ауылында орналасқан кәсіпорында алты адам қаза тапты. 

Кейін Үкімет басшылығының тапсырмасымен оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.