Павлодарда 6 жасар бала ұрланды
ПАВЛОДАР. 4 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Павлодардың ІІД кезекші бөліміне алты жасар баласын әлдебіреу ұрлап алып кетті деген арызбен баланың анасы келді. Оны іздеуге полиция жасақтары жіберілді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.
Әкімшілік полицияның шеберлігі мен ұтқырлығының арқасында бала көп ұзамай табылды. Ол облыс орталығының шеткі аумағындағы күркеде табылды. Баланың жанында 1986 жылғы бұрын бірнеше рет сотталған Екібастұздың тұрғыны болған.
Тиісті сараптамалар белгіленді, адам тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды.