Павлодарда 70 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ер адам екі жыл бойы қарызын төлемей қашып жүрген. Ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

қылмыс, тұтқындау
Фото: Павлодар облыстық соты

Павлодар облыстық әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Жәнібек Тусіпбеков мемлекет пайдасына 70 миллион теңгеден астам соманы өндіру туралы атқару құжатының талаптарын орындамаған борышкердің қолға түскенін хабарлады. Борышкерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша хаттама толтырып, қарастыру үшін сотқа жолданды.

- Мемлекетке 70 миллион теңге қарыз болған борышкер 2 жыл бойы іздеуде жүрген. Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен өзара іс-қимыл және бірлескен күш-қимылдың арқасында іздеуде жүрген азамат ұсталды. Сот қаулысымен борышкер бір тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, - деп мәлімдеді өңірлік әділет департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Әділет министрі борышкерлердің мүлкін аукционда сату кезіндегі «сұр схеманы» атады.

 

Соңғы жаңалықтар