Павлодарда 9 қабатты үйден өрт шықты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда, Торайғыров көшесіндегі 32-ші үйдің 9-шы қабатында бүгін түнде өрт шықты, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Үйден 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 5-еуі бала. 1963 жылы туған үй тұрғыны күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Жалын 01.10-да оқшауланып, 01.36-да ауыздықталды. Өрт 10 шаршы метрді қамтыды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 20 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.