Павлодарда ақпан айының басы аязды болады — Қазгидромет

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Ақпан айының алғашқы онкүндігінде түнде — 30 градусқа дейін аяз тұруы ықтимал. Ауа райын болжаушылар ақпанда қар жиі жауып, ауық-ауық боран соғатынын ескертеді.

35 градус аяз болады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қаңтар айының аязды күндері ақпанға ұласады деген болжам бар. «Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, айдың алғашқы он күнінде түнде -25 -30 градусқа дейін, күндіз -10 -15 градусқа дейін аяздатады.

— Екінші онкүндікте термометр бағанасы сәл көтеріліп, түнде -20, күндіз -10 градус суық болады. Ал айдың соңына таман түнгі уақыттарда аяз тұрып, ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ай бойы ауа райы құбылмалы болады. Кейбір күндері температура 0 градусқа дейін көтерілуі ықтимал, — деп хабарлады «Қазгидрометтен».

Ылғал көп түсіп, қарлы борандар жиі соғатыны да ескертіліп отыр. Желдің екпіні кей күндері секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, ШҚО-да ақпан аязды болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар