Павлодарда анасымен бірге биіктіктен құлаған балалардың бірі көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM — Дәрігерлердің мәліметі бойынша, бүгін зардап шеккен балалардың кішісінің жағдайы кешке қарай нашарлаған, деп хабарлайды Kazinform тілші.

Павлодар облыстық балалар ауруханасынан хабарланғандай, бір жарым жастағы баланың жағдайы күні бойы өте ауыр әрі тұрақсыз болған, ал кешкі уақытта одан сайын нашарлаған.
— Сағат 20:10–да баланың жүрегі тоқтады. 20:40–та бала өлімі тіркелді. Дәрігерлер екі тәулік бойы баланың өмірі үшін күресті, бірақ өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады, — деп мәлімдеді облыстық аурухана өкілдері.
Еске сала кетсек, 30 шілде сағат 13:00–де медицина қызметкерлеріне әйелдің екі баласын терезеден лақтырып, содан кейін өзі 5-қабаттан секіргені туралы хабар түскен еді.
Бұл оқиғаға қатысты адам өлтіруге және өз-өзіне қол жұмсауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталғаны анықталды.