Павлодарда ардагерлерге қамқорлық жыл бойы үзілмейді

ПАВЛОДАР. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық таныту Павлодар қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады,

Павлодарда ардагерлерге қамқорлық жыл бойы үзілмейді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Азаматтарға қамқорлық таныту тек мереке күндерімен шектелмейді.Бүгінгі күні облыс орталығында 646 соғыс ардагері тұрып жатыр. Ай сайын олардың жеке есепшоттарына коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 2,5 айлық есептік көрсеткіш және дәрі-дәрмек алу үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша аударылады. Жыл сайын әр майдангер орта есеппен 60 мың теңге сомасында көмек алады.Мереке қарсаңында барлық майдангерлердің жеке есепшоттарына 7 мың теңгеден аударылды. Азық-түлік жиынтықтарымен қатар Павлодар облысы және қаласы әкімдерінің құттықтау ашықхаттары тапсырылды.