Павлодарда «Ауған желі» әскери-патриоттық әндер фестивалі өтуде

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда өтіп жатқан облыстық «Ауған желі» әскери-патриоттық әндер фестивалі бүгін гала-концертпен аяқталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ән бәсекесіне қатысушылар бұл шараны кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 20 жылдығына арнап отыр. Фестивальға интернационал-жауынгерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери-патриоттық бірлестіктер мен жастар орталықтарының мүшелері қатысты. Фестивальді облыстық мәдениет басқармасы қорғаныс істері жөніндегі департаментпен және «Ауғанстан ардагерлерінің қалалық одағымен» бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Соңғы жаңалықтар