14:20, 30 Шілде 2025 | GMT +5
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен
ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодарда 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Оқиға туралы жедел жәрдем қызметіне сағат 13:00 шамасында хабар түскен, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту түскен сәттен кейін 6 минут ішінде дәрігерлер оқиға орнына жеткен.
— Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел 5-қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен. Бірінші санаттағы шұғылдықпен үш жедел жәрдем бригадасы жолданды, — деп мәлім етті медицина қызметкерлері.
Екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйелдің өзі де ауыр жағдайда Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген.