Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда әйел өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Павлов көшесі бойындағы үйдің маңында екі күн бұрын ешқайда жұмыс істемеген 30 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Павлодарда әйел өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды

Қылмысты жасады деген күдікпен 39 жастағы Павлодар тұрғыны ұсталды. Ол осы әйелдің танысы болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106 бабы 3 бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешенді сараптама жұмыстары тағайындалды.