Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда бағбанды өлтірген қылмыскерге қатысты алқа билердің үкімі өзгертусіз қалды

ПАВЛОДАР. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық сотының кассациялық сот алқасы мамандандырылған ауданаралық сотының алқа билер соты кісі өлтіру қылмысы бойынша айыпталушыға қатысты шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды.  

Павлодарда бағбанды өлтірген қылмыскерге қатысты алқа билердің үкімі өзгертусіз қалды

Айыпталушы 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол өткен жылдың жаз мезгілінде «Яблонька» саяжайында орналасқан үйдің есігін бұзып, үй иесіне күш қолдану арқылы оның 1100 теңге сомасындағы жеңіл сырт киімі мен оттығын ұрлап кеткен болатын.

Ол 10 күн өткеннен кейін сол үйге тағы келген. Ұйықтап жатқан үй иесін алдымен балғамен, одан кейін кетпенмен басынан және бетінен соғып, өлтірген. Одан кейін қылмыскер 8850 теңге тұратын мүлікті ұрлап әкеткен.