Павлодарда балабақшалардың төлемақысы арзандайды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық ата-аналар 2-5 жастағы бүлдіршіндері үшін балабақша төлемақысы бойынша айына 2 мың теңгедей үнемдейтін болды
None
None
, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кіші және орта жастағы топтардағы тәрбиешілердің еңбекақылары үшін биыл қала бюджетінен 100 миллион теңге бөлініп отыр. Бұған дейін бұл шығынды ата-аналар көтеріп келген еді, ал педагогтардың жалақысы топтағы балалардың саны мен олардың күнделікті келу көрсеткішіне тәуелді болатын. Енді кіші және орта жастағы топтармен жұмыс істейтін тәрбиешілер тұрақты жалақыға ие болады, олардың жалақысы жұмыстары бұрын да бюджет есебінен төленіп келген дайындық топтарындағы әріптестерінің жалақысымен теңесіп қалады. Павлодар әкімі Бәкір Демеуов, бұл игі бастаманың павлодарлық отбасыларға көрсетіліп отырған қаржылай қолдау екенін атап көрсетіп, бұл жеңілдіктің ата-аналарға бүгінгі дағдарыс жағдайында балаларын балабақшалардан қалдырмауларына көмектесетінін жеткізді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыс орталығында 1300 бүлдіршінді қабылдайтын алты балабақшаны қалпына келтіру жұмыстары аяқталады.
Соңғы жаңалықтар