Павлодарда балабақшаларға жылу берілді, ендігі кезекте - ауруханалар мен мектептер

ВЛОДАР. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда алғашқы болып балабақшаларға жылу берілді, деп хабарлады білім бөлімі бастығының орынбасары Галина Шиндлярская.

Павлодарда балабақшаларға жылу берілді, ендігі кезекте - ауруханалар мен мектептер

Жылу маусымына барлық білім беру мекемелері әзір, ауыл мектептері көмірмен және сұйық отынмен қамтамасыз етілген. Енді кесте бойынша ауруханалар мен мектептер жылу жүйесіне қосылатын болады.

«Облыс орталығының жылу жүйесі қалалықтарды жылумен қамтуға толық әзір, - деп хабарлады «Павлодар жылу желілері» АҚ бас инженері Вадим Ковальчук. - Қалалық әкімдік қаулыға қол қойғаннан кейін павлодарлықтардың пәтерлері орталық жылумен жабдықтау жүйесіне қосылады».

Биылғы жылы тарифте белгіленген қаражаттар есебінен 407 шақырымдық жылу жүйесінің 9,3 шақырымы жөнделді. Кәсіпорында келесі жылға ағымдағы және күрделі жұмыстар жоспары жасалуда.