Павлодарда «Балаларды қорғау қоғамы» жобасы жүзеге асырылуда

ПАВЛОДАР. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың Балаларды қорғау департаменті өткен жылы қолға алған «Балаларды қорғау қоғамы» жобасына кәсіпорындар мен кәсіпкерлер қосылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жоба аясында балаларға атаулы көмектер көрсету, балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілерін, ата-анасыз қалған балаларды дербес қамқорлыққа алу қарастырылған. Ағымдағы жылы «Сбербанк России» акционерлік қоғамының Павлодар филиалының ұжымы балалар үйінің бес тәрбиеленушісін өз қамқорлықтарына алу туралы шешім қабылдады. Балалардың аттарына депозиттер ашылды, оларға төрт жыл бойы ай сайын банк қызметкерлері қаржы салып отырады. Мектепті бітіргеннен кейін балалар депозитте жиналған ақшаларын оқуға және балалар үйінен кейінгі тұрмыстарына пайдалана алады. Депозиттік есепшоттарды арнайы құрылған ревизиялық комиссия қадағалайды.
Соңғы жаңалықтар