Павлодарда балалардың хор ұжымдарының байқауы өтуде - «Балауса» фестивалі

ПАВЛОДАР. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Осымен 15-ші рет өткізіліп отырған «Балауса» фестивалі Павлодар мектептерінің 30 хор ұжымын жинады,

Павлодарда  балалардың  хор ұжымдарының байқауы өтуде -  «Балауса» фестивалі
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балаларға арналған көптеген әндер жазған сазгер Александр Амосовтың айтуынша, қазіргі балаларды дайындықтарға арнайы шақырудың қажеті жоқ, жас өрендердің шығармашылыққа деген ұмтылыстары жоғары. Хор ұжымы - ән өнерінің алғашқы баспалдағы, дарынды жеке орындаушыларды таныту мен вокалды ансамбльдерді құрудың негізі. Үздік ұжымдар «Балауса» фестивалінің сәуір айында өтетін гала концертінде өнер көрсетеді.