10:28, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Павлодарда балалардың хор ұжымдарының байқауы өтуде - «Балауса» фестивалі
ПАВЛОДАР. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Осымен 15-ші рет өткізіліп отырған «Балауса» фестивалі Павлодар мектептерінің 30 хор ұжымын жинады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балаларға арналған көптеген әндер жазған сазгер Александр Амосовтың айтуынша, қазіргі балаларды дайындықтарға арнайы шақырудың қажеті жоқ, жас өрендердің шығармашылыққа деген ұмтылыстары жоғары. Хор ұжымы - ән өнерінің алғашқы баспалдағы, дарынды жеке орындаушыларды таныту мен вокалды ансамбльдерді құрудың негізі. Үздік ұжымдар «Балауса» фестивалінің сәуір айында өтетін гала концертінде өнер көрсетеді.