Магистратура: ереже бұзған 67 адамның нәтижесі жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындыcы жарияланды.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға 90 мыңға жуық талапкер қатысты
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазір КТ-ны 43 мыңнан астам адам тапсырды.

Оның ішінде:

ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 44%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады;

ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 75 балл болса, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды;

138 балл – ең жоғары көрсеткіш.

Ереже бұзғаны үшін 67 адамның нәтижесі жойылды.

Атап өтсек:

тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 49 оқуға түсуші КТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 18 адам шығарылды.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.