Павлодарда бір азамат өзін жарып өлтірді, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Павлодарда 53 жастағы ер азамат өзіне қол жұмсап, қаладағы фирмалардың бірінің қабылдау бөлмесінде өзін-өзі жарып жіберді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлгі азамат оқиға орнында көз жұмып, оған жақын жерде болған екі адам күйік жарақатын алған, тағы бір адам екінші қабатта орналасқан қабылдау бөлмесінің терезесінен секірген кезде жарақаттанған. Жарылыс «Норд Қазтранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратында кеше, қаңтардың 20-сы күні болды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жедел топтары жұмыс істеуде. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өзіне қол жұмсаған азамат аталған фирмамен бұрынырақ қомақты ақша сомасына қатысты соттасқан екен.
Соңғы жаңалықтар