Павлодарда бизнеске орынсыз араласқан шенеуніктер жауапқа тартылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдардың үш қызметкеріне бизнеске орынсыз араласқаны үшін сөгіс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекеттік органдардың үш қызметкеріне сөгіс жарияланды. «Protecting Business and Investments» фронт-кеңсесі инвестордың заңды құқықтарын қорғап қалды», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Назымбек Бекжанов.

Ведомствоның деректеріне сүйенсек, мемлекеттік қызметшілер «Burжуй» ЖШС қызметіне араласқан. Компания директоры жеке иелігіндегі жерде орналасқан сауда павильонын бұзуға әрекет жасалып жатқанын айтып, фронт-кеңсеге жүгінген.

«Облыстық департамент инвестордың өтініші бойынша тексеріс жүргізіп, заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Оның нәтижелері бойынша, Павлодар қаласының әкіміне кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізілді», - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Сонымен қатар Павлодарда инвесторлардың сомасы 100 миллион теңге болатын заңды мүдделері мен құқықтары қорғалды. «Павлодар Құс» ЖШС басшылығы сомасы бір жарым миллиард теңге инвестициялық жобасын сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы келісімге қол қойған. Жоба бойынша жұмыстар 2016 жылы басталған, аяқталу мерзімі - 2020 жыл.

«ЖШС субсидиялардың кешігуіне байланысты қиындықтарға кезіккен», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Нәтижесінде, департаменттің фронт-кеңсесінің араласуымен Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2018 жылы жұмыртқа өндіру құнын арзандату үшін шамамен 110 миллион теңге субсидия бөлді.

Соңғы жаңалықтар