Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда бизнесті толыққанды дамыту жағдайлары талқыланды

ПАВЛОДАР. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде павлодарлық кәсіпкерлер мен Қазақстанның «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов аймақтағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Павлодарда бизнесті толыққанды дамыту жағдайлары талқыланды

«Облыста «Жол картасы-2020» табысты іске асырылуда. Жыл басынан бері аймақтық үйлестіру кеңесі 61 инновациялық жобаны мақұлдады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Атқарушы органдар шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік тосқауылдарды болдырмау шараларын қабылдауда, тұрғындарды жаппай бизнеске қатыстыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», - деді облыс әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов.

Кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа шаралары туралы жиналғандарға А.Мырзахметов айтып өтті. Олардың бірі - Ұлттық қордың айырманы шектеуді міндеттенетін банктермен ынтымақтастығы. Осылайша, кәсіпкерлер үшін несие бойынша мөлшерлеме жеті пайыздан аспайды. Ауылдық іскер адамдар үшін мөлшерлеме одан да төмен болуы мүмкін», - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Кездесуде кәсіпкерлер қалалар мен аудандарда филиалдары бар бірыңғай кәсіпкерлік қауымдастығын құру мәселесін ортаға салды. Бұл идея Үкімет мұндай қауымдастық үшін тең құқылы серіктес болады деп атап өткен Мемлекет басшысының қолдауын тапқан еді. Олар елдегі бизнестің толыққанды дамуы үшін бірлесе отырып жағдай жасайды.