Павлодарда «Боздақтар» кітабының бесінші томы жарыққа шықты
Естеліктер туралы еңбек - 1995, 1997, 2014 және 2015 жылдары шыққан басылымдардың жалғасы. Мұнда майданда қаза тапқан, хабарсыз кеткен және тұтқында болған 1387 павлодарлық туралы биографиялық мәлімет жинақталған.
Сұрапыл соғыс алаңында 556 жауынгер қайтыс болса, 549 хабарсыз кеткен және түрлі аурулар мен жарақаттан 103 адам көз жұмған. Сонымен қатар құрастырушылар неміс және фин тұтқынында қаза тапқан 22 павлодарлықты қосқан. Басылымда облыс бойынша із-түзсіз кеткен 128 офицер мен 1259 қатардағы жауынгер туралы ақпарат орын алған.
«Ақтоғай ауданында Қожамжар ауылы бар», - дейді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның вице-президенті, «Майдан жолы» іздеу жасағының жетекшісі Жұмабек Қамзин.
Оның сөзінше, 50 жыл бұрын пайда болған ескерткіште өмірден өткен 200 жауынгердің есімі қашалып жазылған. Төртінші және бесінші томның арқасында жаңа ескерткіш салып, 106 хабарсыз кеткен жерлесіміздің есімдерін жаздық. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында хабарлағандай, жаңа томға ведомство мамандары мен мұрағатшылардың Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі орталық мұрағаты, Беларусь Республикасы ұлттық мұрағаты және Финдляндия Ұлттық мұрағатына жасаған экспедициясы барысында тапқан деректер арқау болған.
Сонымен қатар қазақстандықтардың «Бірлік» Харьков ұлттық қоғамдық бірлестігі, «Память» - «Ескерткіш» Шығыс Пруссиясында қаза тапқан кеңес жауынгерлері қоры коммерциялық емес ұйымы, Ескерткіш кітабы материалдары, Ресей, Қазақстан және Павлодар облысы іздеу жасақтары ұсынған құжаттар пайдаланылған.