Павлодарда далалық алқап пен саяжайларды өрт шалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы, Ертіс ауданы Амангелді ауылдық округінде Аққуатқан селосының маңында түнгі сағат 03.00-де далалық алқапты өрт шалды.
None
None

Өрт сөндіру қызметіне Амангелді ауылдық округының ерікті өрт сөндіру құрылымынан 10 адам мен 1 техника жұмылдырылды. Өрт жалпы аумағы 1500 га жерді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Павлодар қаласындағы «Энтузиаст» бау-бақша қоғамының территориясындағы қараусыз қалған 39 саяжай учаскесінде күндізгі сағат 13.50-лер шамасында қамыс пен шөп өртенген. Оқиға салдарынан 18 саяжай құрылысы зақымданған. Тілсіз жау түнгі сағат бірлер шамасында ауыздықталды. Өрт аумағы 3,5 га жерді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстарына ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 21 адам мен 8 техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум