Павлодарда діндер келісіміне негізделген монумент ашылды
ПАВЛОДАР. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодарда «Бірлік және Келісім» монументінің ашылуы рәсімі өтті. Бұл шараға облыс әкімі Ерлан Арын қатысты,
деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі.
Ескерткіш Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы мен Павлодар облысының 75 жылдығы қарсаңында ашылды. Ол әуежайдан қалаға кіреберісте орнатылды.
Монумент ислам, православие, католицизм, буддизм діндерінің өзара келісіміне негізделіп қаланды. Сонымен қатар оның негізінде Қазақстандағы халықтардың достығы мен келісімі, бейбітшілігі ескерілді.
«Монумент еліміздегі бірлікті қамтамасыз ету бойынша Елбасы саясаты жетістігінің символы. Бейбітшілік пен тыныштықтың арқасында біз экономикада, саясатта және әлеуметтік салада үлкен жетістіктерге қол жеткіздік»,-деді облыс әкімі.