Павлодарда электр энергиясының тарифі өсті

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодарда қыркүйектің 1-інен бастап электр энергиясының тарифі 13 пайызға - киловатына 6,96 теңгеге дейін өсті, бірақ дифференциялық тариф енгізілген жоқ.
None
None

«Жұмыс тобы дифференциялық тарифті қазірдің өзінде бекітті. Электр плиталары бар пәтерлер 6,73 теңгелік баға бойынша әр адамға 110 киловаттан және газбен жабдықталған жағдайда 6,71 теңгеден төленеді. Нормадан асқан жағдайда барлығы да киловат үшін 8,36 теңгеден төлейді», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы Қайырғали Төлендинов.

Соңғы жаңалықтар