Павлодарда электр, жылу, су және кәріз тарифтері қымбаттады

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қаңтар айынан бастап табиғи монополия ұйымдары коммуналдық қызметтердің тарифтерін көтеріп отыр.
None
None

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментінің директоры Қайырғали Төлендиев брифингте мәлім етті.

Қаңтардың 1-інен бастап Павлодарда жылу энергиясының тарифі қосымша құн салығын қоса есептегенде 7,5 пайызға өсті. Ал қаңтардың 5-інен бастап суық судың бағасы 8 пайызға қымбаттап, қосымша құн салығын қоса есептегенде 19,23 теңге/текшеметрді құрамақ. Кәріздік қызметтің бағасы 7,4 пайызға жоғарылады. Ал қаңтардың 10-ынан бастап электр қуаты 15,9 пайызға көтеріліп, 1 киловаттың бағасы 8,07 теңгеге жетпек (қосымша құн салығын қосқанда).

Соңғы жаңалықтар