Павлодарда ер адам мас күйде әйеліне пышақ жарақатын салған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Полиция денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды
Фото: pexels.com

Павлодарда жанжалқой күйеуі әйеліне бірнеше пышақ жарақатын салған. Оқиға кезінде ер адам мас болған. Бұл туралы Instagram-дағы nemolchikz_official парақшасында жазды. 

Белгілі болғандай, әйелдің қарнындағы және қолындағы пышақ жарақаттарын тігуге тура келген. 

«Әйел жарақатына қарамастан үйге кіруге қорқып, далада тұра берген. Ал келген полицейлер күйеуінің ұйықтап жатқанын көріп, оятпастан кетіп қалған. Бұл күйеуінің әйелге алғаш рет қол көтеруі емес, пышақпен екінші рет шабуылдап отыр. Өткен айда зардап шегушінің аяғындағы жарақаттарын тігуге тура келген», - деп жазды парақша иелері.

Өңірлік полиция департаменті қасақана орташа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Болған оқиғаның себеп-салдарын объективті түрде зерделеуға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол есін жинағанша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына орналастырылды, - деп мәлімдеді департаменттен.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде әйел екі баласын өлтірді деген күдікке ілікті.

Соңғы жаңалықтар