Павлодарда ер адам пойыз астына түсіп мерт болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Теміржолдағы желілік полиция бөлімі аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Павлодарда ер адам пойыз астына түсіп мерт болды
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Павлодарда трамвай депосына апаратын көпір маңында ер адамды пойыз қағып кетті. Қаза тапқан ер адамның жеке бас мәліметтері анықталған жоқ, жасы шамамен 40-та болуы мүмкін.

— Ер адамды пойыз қағып кеткені туралы ақпарат сағат 20.00-де хабарланды. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жетті. Өкінішке қарай, медицина қызметкерлерінің тез жетуі адамдарды әрдайым өмірден құтқара бермейді. Пойыз астына түскен азамат алған жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмғаны анықталды, — деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімі қозғалыс қауіпсіздігі ережесін және темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұзып, абайсызда кісі өліміне соқтырған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда жеңіл көлік аударылып, жолаушы көз жұмды https://kaz.inform.kz/news/pavlodarda-zhenl-kolk-audarilip-zholaushi-koz-zhumdi-d555d6/

Соңғы жаңалықтар