Павлодарда Ертіс өзенінің алабын дамыту және қорғау проблемалары талқыланады
бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бірегей биологиялық жүйе саналатын және әлеуметтік-экологиялық маңызы зор Ертіс өзенінің жайылма алқабына соңғы жылдары салмақ түсуде. Өрт оқиғалары мен орман ағаштарын заңсыз кесу жиілеп, маңайдағы өсімдіктер мен жануарлар түрі қысқаруда.
Конференцияға қатысушылар: «Ертістің жайылым алқабы» экологиялық жүйесін зерттеу, қорғау және оңтайлы пайдалану», «Аймақ экологиясы, салауаттылығы және орнықты дамуы» сияқты секцияларда жұмыс істейтін болады.
Қазақстан мен жақын шетелдердің ғалымдары, экологтар мен атқарушы органдардың өкілдері Ертісті қорғаудың биологиялық және қорғау шараларын жақсарту проблемаларын талқылайды.